Ұлттық кітапхана түн ортасына дейін жұмыс істейді

Ұлттық кітапхана, Алматы, түн, жұмыс  , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2026 13:56 Сурет: t.me/madenietaqparat
Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Ұлттық кітапхананың қызметімен және оқырман белсенділігі жөніндегі деректермен де танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, 2026 жылдың мамыр-қараша айларында кітапханаға 26 мыңнан астам жаңа оқырман тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 73,8 пайызға көп.

15-35 жас аралығындағы оқырмандар саны 33 пайызға өсіп, 24 мыңнан асқан. Осы кезеңде оқырмандарға 1,6 миллионнан астам құжат берілген. Ал онлайн қызметтерді пайдаланушылар саны 13 пайызға артып, 932 мыңнан асты.

"Оқырман белсенділігінің артуы мен келушілердің өтініштерін ескерген министр Ұлттық кітапхананың жұмыс уақытын сағат 24:00-ге дейін ұзарту туралы шешім қабылданғанын хабарлады. Жаңа жұмыс кестесі студенттерге, жұмыс істейтін азаматтарға және өзге де келушілерге кешкі уақытта да кітапхана қорын және қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді", делінген хабарламада.

Бұған дейін "PARAQTA" онлайн кітапхана платформасы салалық министрлік назарына іліккенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: