"Дос Мұқасан" ансамблінің негізін қалаушылардың бірі қайтыс болды

Сурет: Instagram/dos_mukasan_official
"Дос Мұқасан" ансамблінің негізін салушылардың бірі, барабаншы Александр Литвинов 75 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Александр Литвиновтың қайтыс болғаны туралы ақпарат топтың Instagram-дағы ресми аккаунтында 4 тамызда пайда болды.

"Бүгін түнде 75 жасқа қараған шағында Литвинов Александр Михайлович дүниеден өтті. Ол –  біздің ансамбльдің негізін салушылардың бірі, барабаншы. "Дос-Мұқасан" ансамблі балаларына, туған-туыстары мен жақындарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Ансамбль мүшелері Александр Литвинов жүректерінде адал, мейірімді, шыншыл, жанашыр, жарқын тұлға ретінде сақталатынын айтты.

"Дос Мұқасан" ансамблінің тағы бір негізін қалаушы, солист Қамит Санбаев 2020 жылы қайтыс болған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз