Бұл қызық жағдайды Қыранның өзі Instagram-дағы парақшасында айтып берді. Өзінің сөзінше, таңертең полиция хабарласып, бөлімшеге шақырған.
"Таң атысымен мені полиция шақырды. Не үшін екен деп барғанда одан да қатты таңғалдым. Ішкі істер министрлігі маған медаль беріп жіберіпті. Мен суға батқан адамдарды құтқармап едім, қыздардың сөмкесін ұрлаған ұрыларды ұстамап едім. Сөйтсем, бәрінің сыры мынада екен: Қайсар есімді жігіт 2020 жылдан бері мобилография курсын оқыған, менің оқушым. Қайсар қазір өзінің мобилограф шеберлігімен ІІМ-ге үлкен еңбегі сіңіп, керемет контент жасап жүр екен. Осыдан 2-3 жыл бұрын "Барлық жерде бір-бір мобилографтан болады" деп едім. Ал Қайсар қазір - полиция мобилографы. Енді қызығы маған бүгін мына медальді "Қайсардай мықты әрі нәтижелі шәкірт тәрбиелегенім үшін" деп, құрметтеп беріп жатыр екен. Құрметі үшін рақмет. Бастысы біздің мобилография барлық секторларға пайдасы тиіп жатқаны үшін өте қуаныштымын", - деді Қыран Талапбек.
"Түрім медаль тағатын адамға ұқсамаса да, медальмен түрім осындай" деп қосты ол.