БАҚ: Рианна екінші баласын дүниеге әкелді

Сурет: Instagram/badgalriri
Бірнеше дереккөз 35 жастағы поп-дива Рианна екінші рет ана атанып, қызды болғанын жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Басылымдар Рианна мен ASAP Rocky отбасымен араласатын адамдар таратқан құпия ақпаратқа сілтеме жасай отырып, бірнеше күн бұрын көптен күткен сәби дүниеге келгенін жарыса жазып жатыр. Дереккөздердің айтуынша, "қызы анасының аузынан түсіп қалғандай, тіпті көзі де анасына тартып кеткен" деп жазды Life.

Әзірге ата-анасы қызының дүниеге келгенін ресми жарияламады. Дегенмен бірінші баласы дүниеге келгенде де жұлдыз ата-ана оның атын да ұзақ уақыт жасырғанын ескерген жөн. Ал қазір жанкүйерлер сәбидің алғашқы фотосуретін асыға күтіп отыр.

Рианна жүкті екенін ақпан айының ортасында Ұлттық футбол лигасы – Супербоул LVII-де ерекше түрде жариялаған еді.
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді