Алматыда Максим Галкиннің концерті ақыры өтетін болды

Сурет: Instagram/maxgalkinru
Алматыда ресейлік артист Максим Галкиннің концерті ақыры өтетін болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы продюсер Алексей Пучков Instagram-дағы парақшасында жазды. 

Максим Галкиннің концерті 9 қазанда Алматыдағы Республика сарайында өтетін болды. 


Сурет: Instagram/maxgalkinru


31 тамызда Максим Галкин Қазақстанда өтуі тиіс концерттеріне тыйым салынғанын айтып, шағымданған. Бұдан кейін Астанадағылар аталған жайтқан түсініктеме беріп, 8 қазанда Қазақстанда мұғалімдер күні аталып өтетінін, соған орай мерекелік концерттер ұйымдастырылатынын, сол себепті ресейлік актерге басқа күнді таңдауға ұсыныс берілгенін жеткізді.

Алматы қалалық Мәдениет басқармасы да артист таңдаған күнде сахналар бос болмайтынын, оның үстіне артистің концертін ұйымдастырушылар өздерімен келісімшарт жасаспағанын, соған қарамастан билеттерді сата бастағанын айтты.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды