26 қарашаға дейін: "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантына өтініш беру басталды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мемлекет Басшысы тағайындаған "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантына конкурс басталғаны туралы хабарлайды.

2023 жылы "Тәуелсіздік ұрпақтары" бойынша 3 млн теңгеден 30 грант беріледі. Мақсат – белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекет тарапынан қолдау.

Конкурсқа Қазақстанның он төрт жастан бастап, отыз бес жасқа дейінгі азаматтары үміткер бола алады.

Гранттар 5 бағыт бойынша беріледі:

1) "Ғылым" – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;

2) "Мәдениет" – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;

3) "Ақпараттық технологиялар" – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;

4) "Бизнес" – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;

5) "Медиа" – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызық контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған.

Үміткерлердің конкурстық өтінімдері биыл 26 қыркүйектен – 26 қарашаға дейін электрон нұсқада t.urpaktary2023@gmail.com поштасы арқылы қабылданады.

Байланыс нөмірі: 8 (7172) 74-12-78.

Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде қабылданады және:

1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық өтінім;

2) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның сипаттамасы;

3) жоба бойынша (60 секундтан аспайтын) бейнематериал немесе (10 слайдтан аспайтын) презентация;

4) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығындар сметасының жобасы;

5) PDF форматындағы зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса);

6) PDF форматындағы жеке куәлік немесе туу туралы куәліктің көшірмесі болуға тиіс.

Толығырақ мына жерден білуге болады. 

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: