Сахнадан көрінбей кеткен әнші біртүрлі мәлімдеме жасады: Мен Сіздерді алдап келдім!

Сурет: Instagram/indirarasylkhan
Әнші Индира Расылхан мұсылмандыққа бет бұрғалы әншілікті доғарған. Бірақ бұл туралы ол күні кеше Instagram-дағы парақшасындағы тікелей эфир кезінде ресми түрде мәлімдеді. Оған қоса әнші: "Осы күнге дейін мен Сіздерді алдап келдім" деп айды аспаннан бір-ақ шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"...Сіздерден кешірім сұраймын. Бүгін ерекше эфир болайын деп тұр. Сіздердің алдарыңызда кеткен қателігімді, алдап жүрген мәселелерімді ашық айтуға ниеттендім", деп бастайды өз сөзін әнші.

Индира Расылхан психологиялық тренингтер жүргізуде көптеген қателікке бой алдырғанын айтады.

"Қанша адаммен сөйлестім, қанша жанның мұңын тыңдадым, көмектестім. Осы орайда менен көп қателік кетті. Психология бір білім ғой. Бірақ бұл – Алладан емес, батыстан келген білім. Осы психология арқылы көп нәрсені түсіндім. Психологиядағы техникаларды өз адамдарыма бердім, үйреттім және өзім де соны қолдандым. Ол отбасына, арақатынасқа, ақшаға байланысты болды. Бірақ ризық маған асып берілген жоқ, көл-көсір өмір сүрген жоқпын. Керісінше, кейін қарай кеттім. Қарызға баттым, көңіл күйім жоқ”, – дейді әнші.

Ол бұл арада психологиялық техника, аффирмация мен медитацияға да кеңес бермейтіндігін айтқысы келіп тұрғанын нақтылайды. Оның пікірінше, бұл таза адасу. 

"Жүректеріңізге психолог ретінде жол тапқан болсам, кешірім сұраймын. Мен ресми түрде мәлімдеме жасағым келіп отыр, бұдан кейін ән айтпаймын", – деді Индира Расылхан.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді