Гендер-пати: Көктемде бас қосқан өнер адамдары бір-бірінің үстіне бояу жақты

Сурет: Instagram/akniet_belasar, khami93
Биыл үйленген кино саласының өкілдері Ерік Хамидуллаев пен Ақниет Беласарова Instagram-дағы парақшаларында көптен күткен сәттерінің видеосын жүктеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылы көктемде Ерік Хамидуллаев пен Ақниет Беласарова дүркіретіп үйлену тойын өткізген болатын. Енді жастар желіде болашақ баланың жынысын анықтап, өз қуаныштарымен бөлісуді жөн көріпті.

Желіге жүктелген видеода қос өнер адамы көздерін ақ орамалмен байлап, бір-бірінің үстіндегі ақ жейдеге қызғылт түсті бояу жағады. Әрине, бұдан жас жұбайлардың күтіп жүрген болашақ сәбиі қыз екенін аңғару қиын емес.


Видео сипаттамасында: "Аллаға сансыз шүкір" делінген.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі