Сәкен Майғазиев жол апатына ұшырағанын айтты

Сурет: Instagram/saken_maigaziyev
Әнші, МузАРТ тобының мүшесі Сәкен Майғазиев Сарыағашқа бара жатқан жолда кішігірім жол апатына тап болғанын өзінің Instagram-дағы парақшасында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әншінің өзі, қасындағы адамдары дін аман. Видеодан тек көліктің сырты бүлінгені байқалды. "Бір Алла сақтады. Жолда абай болыңыздар!" деп үндеді ол оқырманына.

"Бір Алла қақты, әсіресе ана машинаны қаққан екен. Қайта бағанаға ұрмай, Құдай сақтаған екен. Сарыағашқа келе жатыр едік, осындай жағдай болды. Бәрі жақсы болсын енді. Бәле-жаладан сақтасын. Абайлап жүріңіздер, асықпаңыздар. Жол тар, машина көп. Бір-бірімізді басып, озамыз деп осындай жағдай болды", - деді Майғазиев өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Сәкен Майғазиев барша тілектес жандарға алғысын білдірді.

"Тілектес жандардың бәріне мың алғыс. Шынында сондай оқыс оқиға болды. Ең бастысы аманбыз. Жанашырлық танытып жатқандарыңызға рақмет. Алла арасында сабақ беріп, сынайды. Қиындықтың бәрі артта қалсын. Концертімізді, тойымызды аман-есен өткіздік", - деп қосты ол.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік