Бұл туралы әншінің Instagram-дағы парақшасына жүктеген видеодан белгілі болды.
Кіші қызы әкесінің туған күніне көктемнен бастап дайындалғанын, талмай еңбек етіп, тірнектеп ақша жинағанын айтады. Ол әкесіне Меккеге жолдама алып беруді мақсат етіпті.
"Сөзсіз… Осы күнді ұзақ күттім, ішіме сыймай. Сәуірден бастап блогымды жүргізіп, бірнеше бутиктерге модель болып, жарнамасын жасап тірнектеп ақша жинадым. Ақтауда жүргенде де шетінен саумай тек осылай той алдында әкемді қуантамын деген мақсат болды. Тосын сыйға Меккеге жолдама алып беремін деп жүр едім, әкемнің жұмыс кестесін білмеген соң осылай беру дұрыс болар деп шештім. 15 жасымда ағамның тойының бір шетін көтере алғаныма іштей қатты қуанып тұрмын”, – деп жазды Сымбат желіде.
Айта кетсек, әнші Абай Бегейдің алғашқы жары 2016 жылы қайтыс болды. Тұңғыш некеден әншінің үш қызы және бір ұлы бар. 2018 жылы Абай Бегей өзінен 16 жас кіші Фаризамен қайта шаңырақ көтерді. Екінші некеден өнер адамының үш баласы бар.