Виолончелші Степан Хаусердің Димашпен жасаған коллаборацияcы желіні дүр сілкіндірді

Сурет: видео скрині
Танымал әнші, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген әйгілі виолончелші Степан Хаусермен бірге коллаборация жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Гастрольдік сапарда жүрген Димаш Құдайберген әйгілі виолончелші Степан Хаусермен кездескен. 

Музыканттар бұл видеоны Instagram-дағы парақшаларында бөлісті.

Димаш ән шырқады, ал Хаусер оны виолончельде сүйемелдеп тұрды.

Бұл жазбаға әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлер пікір жазып, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

Степан Хаусер – әлемге әйгілі хорват виолончельшісі. Музыкант өзінің фамилиясымен (Hauser) танылған. Әлемге әйгілі виолончель дуэті — 2CELLOS-тың мүшесі. Топ әлемдік рок-хиттердің кавер нұсқаларын, сондай-ақ академиялық стильдегі фильмдерге арналған музыканы орындаумен танылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз