Қазақстан әншілері Жаңа жыл мерекесінде ән айтқаны үшін қанша алады

Zakon.kz Қазақстан жұлдыздары Жаңа жыл мерекесінде өнер көрсеткені үшін қанша алатынын білді.

Отандық жұлдыздарды шақырып, кеш ұйымдастырмақ болған компания өкілімен сөйлесіп көрдік. Шараны ұйымдастырушы Қазақстанның ең танымал деген әншілерінің тізімін жасап, олардың продюсерін шақырып, құнын салыстырып көріпті.

"Басшылық маған жаңа жылдық корпоративті ұйымдастыруды тапсырды. Кешке жұлдыздарды шақыру идеясымен команданың тілектер тізімінде тұрған бірнеше адамға телефон соқтым. Бірақ олардың жарты сағат уақыт үшін сұраған сомасы мені таңғалдырды. Әрине, мереке күндері бәрі қымбаттайды ғой. Бірақ сонда да мына сомалар мен үшін өте үлкен", - деді аты-жөнін айтпауды жөн көрген жігіт.

Ол әншілерге телефон соғып, олардың стандарт пакеті бар екенін, оның ішінде үш-төрт ән бар екенін және орындау жарты сағаттан аспайтынын білген.

"Жұлдыз қалада болмаса, трансфер, тұру және тамақтануға қосымша ақы төленеді. Сонымен бұл параметрлер бойынша RaiM ең қымбат әнші болып шықты. Оның қысқа орындауы 6 миллион теңге тұрады. Аса қымбат емес сома сұрайтын әнші - Мәдина Сәдуақасова. Құны – 1 млн теңге", – деді Алматы қаласының тұрғыны.
"Бірақ Ділназ Ахмадиеваның, Бүркіт пен Айшаның келу құнын білу мүмкін болмады. Өйткені олар бүкіл желтоқсан бойы бос емес. Қайрат Нұртастың да бос уақыты жоқ", - деді дереккөз.
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: