Ұлттық кітапханада сақтаулы XII ғасырғы Құран қолжазбасының мәселесі талқыланды

Құран, Ұлттық кітапхана, Түркия Қолжазбалар институты, Жошкун Йылмаз, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2026 20:39 Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында Түркия Қолжазбалар институтының президенті Жошкун Йылмазбен кездесу өтті. Басқосуда Ұлттық кітапхана қорындағы XII ғасырға жататын Құран қолжазбасының сақтау және қалпына келтіру бағытындағы мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тараптар түркі-ислам өркениетінің жазба мұрасын сақтау ісіне айрықша мән беріп, жиында көне жазба мұраны қалпына келтіру және ғылыми тұрғыдан зерттеу бағытындағы Түркия тәжірибесі таныстырылды, деп хабарлайды 2026 жылы 3 маусымда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Кездесу аясында кітапхана қорындағы сирек кездесетін әрі құнды жазба жәдігерлер жинақталған көрме ұйымдастырылды.

Жиын қорытындысы бойынша тараптар тарихи-мәдени мұраны сақтау саласындағы әріптестікті одан әрі дамытуға ниет білдірді.

Сонымен қатар алдағы уақытта қолжазбаларды қалпына келтіру жұмыстарына Түркияның білікті мамандарын тарту жөнінде келісім жасалды.

Бұған дейін Еуропаның түкпір-түкпірінен келген қазақтар Париж төрінде бас қосқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: