Жаңалықтар тізбегі
0

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордан балаларға қаражат бөлу туралы жарлыққа қол қойды

Ұлттық қордан балаларға, Ұлттық қор, ҚР Президенті, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.07.2023 12:31 Сурет: pexels
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қорындағы қаражаттың бір бөлігін қазақстандық балаларға аударуды міндеттейтін жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті өзгеріс 2022 жылғы 10 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" жарлыққа енгізілді.

Атап айтқанда, "ҚР ҰҚ қаражатын пайдалану" тарауына мынадай толықтыру енгізілді:

"Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нысаналы талаптардың төлемдері түрінде және нысаналы жинақтардың аударымдары мен төлемдеріне байланысты банктің көрсететін қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығыстарды жабуға пайдаланылады. Нысаналы талаптар деп Үкіметтің он сегіз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары алдындағы міндеттемелері түсініледі, ол есепті жылдың алдындағы он сегіз жыл үшін орташа алынған ҚРҰҚ-ның инвестициялық кірісінің және есепті жылдың алдындағы он сегіз жыл үшін орташа алынған, жыл сайын осы сомаға есепке жазылатын инвестициялық кірістің елу пайызы есебінен жьгл сайын қалыптастырылады".

Құжатқа сәйкес, тұрақтандыру функциясын іске асыру мақсатында Ұлттық банк қаржы нарығындағы қалыптасқан жағдайға байланысты Ұлттық банк басқармасы белгілеген тәртіппен ҚР ҰҚ-ның активтерін айырбастауды және қайта айырбастауды жүргізеді. Бұл операциялар кепілдік берілген және нысаналы трансферттерді бөлу үшін жүргізіледі және Ұлттық банктің интервенцияларына жатпайды. ҚРҰҚ-дан кепілдендірілген және нысаналы трансферттер бюджеттік рәсімдерге сәйкес республикалық бюджет арқылы өтуге тиіс.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 18 жасқа толғаннан кейін бұл қаражат баланың меншігінде болады, ол оны оқуға немесе баспана сатып алуға пайдалана алады. Бұл ретте шетелдік оқу орнында оқу ақысын төлеуге қаражатты пайдалануды шектемеу жоспарланған.

Төлем механизмі 2024 жылы басталады. Әзірлеушілердің айтуынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің бір бөлігі 6,5 миллион балаға бөлінеді. Егер бала 2023 жылы дүниеге келген болса, онда ол шамамен 3,5 мың доллар алады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: