Парижде қазақ мәдениетіне арналған көрме өтеді

Сурет: видеодан алынды
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева шетелдік әріптесі, француз мәдениет саласының басшысы Рима Адбу-Малакпен жүздесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тараптар қазақ әдебиетін француз тіліне аудару, сондай-ақ француз балалар арналарының контенін Қазақстанның бүлдіршіндеріне арнап бейімдеу жайын талқылады. Сондай-ақ Францияның әлемге әйгілі Гиме музейі қазақ мәдениетінің жауһарларына арналған көрме ұйымдастыруды ұсынды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның Париждің музей басшылығымен кездесуінен соң белгілі болды. Мұражай Азия елдерінің мәдениетімен байланысты құнды мұраларға өте бай. Мұнда Қазақстанға қатысты бірегей жәдігерлерді де кездестіруге болады. Музей басшылығы енді мұражайға келушілердің қызығушылығын ескере отырып, еліміздің мәдениеті мен тарихына арналған маңызды экспонаттарды көпшілікке көрсетпек, деп хабарлайды 24kz.

Әдетте мұндай іс-шараны ұйымдастыруға көп жыл кетеді. Бірақ француз тарапы Қазақстанға арналған көрмені Париж халқына келер жылы-ақ ұсынуға ниетті. 


"Еуропа халықтары, әсіресе француздар, кезінде ұлы Жібек Жолының бір бөлігі болған бұл аймақтың маңыздылығын енді түсініп жатыр. Бұл Шығыс пен Батыстың, Оңтүстік пен Солтүстіктің мәдениеттері тоғысқан өңір болғаны бәріне аян. Міне, осы себепті Қазақстанның әлем тарихындағы айшықты орыны туралы дәріптеп, жұртты онымен таныстыру өте маңызды".Гиме музейінің президенті Янник Линтц
Қазақстан
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді