Танымал композитор Қалдыбек Құрманәлінің кітабының тұсаукесер рәсімі өтті

Сурет: Facebook/Тельман Бейсен
Түркістанда Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, композитор Қалдыбек Құрманәлінің фотоальбом-кітабының таныстырылымы өтті. Онда композитордың бұрын-соңды басылым бетінде жарияланбаған суреттері, халыққа кең тараған әндерінің нотасы басылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар оның шығармашылығы мен өмірі жайлы өзге қаламгерлердің мақаласы мен ақындардың арнау өлеңдері көрініс тапқан. Композитор 40-қа жуық ән жазған. Сазгердің әндерін Мәдина Ералиева, Тұңғышбай Жаманқұлов, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Жұбаныш Жексенұлы орындаған. "Ән-аға немесе Шәмшімен сырласу", "Кірмеші жиі түсіме", "Жайықтың толқындары", "Шай ішіп кетсең қайтеді?" сынды туындылары қазақ музыкасының алтын қорына енді, деп хабарлайды 24kz.


"Қаншама адамның кітабын шығарып бердім ән жинақтан, қанша адамның кешін өткізіп бердім, бірақ өзімнің ән жинағымды шығаруға назар аудармағанмын ғой. Кітап жалпы қауымға арналады. Студенттерге, мектеп оқушыларына, мұғалімдерге және менің әнімді ұнататын адамдар осы кітаптан көп мағлұмат ала алады. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, композитор Қалдыбек Құрманәлі
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды