Испанияда Димаштың шығармашылығынан шабыт алған суретші жаңа мангасын басып шығарды

Сурет: instagram.com/kudaibergenov.dimash
6 наурызда Испанияның Planeta de Agostini атты беделді баспасы Димаш Құдайбергеннің туындысынан алған шабытының нәтижесінде "Ғарыш дауыстары" атты жаңа мангасын басып шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Voices of space" ("Ғарыш дауыстары") – 25 беттен тұратын фантастика жанрында жазылған туынды. Бұл – туабітті таңғажайып қабілеті – бірегей даусымен ғаламды өзіне еліктіріп, айналасына бақыт пен қуаныш сыйлайтын ерекше өнерлі адамдарға арналған туынды. Бұл туралы әншінің сайты хабарлады.

Сурет: dimashnews.com

Манганың авторы – испаниялық суретші Альберто Митя. Ол Димаштың шығармашылығымен 3 жыл бұрын танысқан. Оны манга жасауға Димаштың орындауындағы S.O.S әні шабыттандырған.

Сурет: dimashnews.com

"Мен бұл шығарманы Димаштың ерекше таланты мен ғажайып дауысын көпшілікке таныту мақсатында жаздым. "Voices of space" – ғарыштық жарыстарда өз даусымен сайыстарға түсетін бала туралы ғылыми-фантастикалық және фэнтези жанрындағы манга", - деді Альберто Митя.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды