Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынды

Сурет: Zakon.kz
Астанада 5 шілдеде сот шешімімен белгілі қазақстандық әнші Қайрат Нұртас қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот шешімімен ол 15 тәулікке темір торға тоғытылды.

Бүгін, 2024 жылдың 5 шілдесінде әлеуметтік желілерде белгілі қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Оқиға бойынша 5 шілде де 12:00-де онлайн форматта сот отырысы өтті.

Танымал әнші екі бап бойынша айыпталған болатын:

Қозғалған бірінші хаттама бойынша екі тарап бітімгершілікке келген.

"Екі жақтың татуласуына байланысты ҚР Әкімшілік кодексінің 73 бапбының 1 тарау 1 бөлігі бойынша қозғалған іс тоқтатылды",- деді судья.

Тағылған екінші айып бойынша, танымал әнші сот шешімімен 15 тәулікке қамауға алынды. 

Қайрат Нұртастың айыппұл салумен шектелу туралы өтінішіне, сот құқық бұзушылық әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайтадан жасалғандықтан, қамауға алу туралы шешім қабылданғанын түсіндірді.

Сотта анықталғандай, оқиға 4 шілдеде сағат 20:00 шамасында Алматы – Астана бағытындағы  ұшақ бортында болған. Қайрат Нұртас пен Асылбек Бекқайыров арасында ауызша жанжал туындап, арты төбелеске ұласқан. Нәтижесінде, жәбірленуші жеңіл дене жарақатын алды.

Қазақстан
Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті