"Испания елі, Барселона провинциясы, Жерорта теңізінің жағалауындамыз. Бұл сапарды өздеріңіз білетіндей жарты жыл бұрын жоспарлағанбыз. Ұлдардың қалауы еді. Сапарға бірнеше ай дайындалдық. Ел-жер аралаудан бөлек, танымдық бағдарламалары мықты. Мәселен біз жексенбі күні келдік. Бұл елде демалыс күнін әр адам өз отбасымен өткізеді екен. Мемлекеттік мекемелерден бөлек, дүкендер, сауда үйлері, базарлар, тамақ ішетін орындар бәрі-бәрі жабық. Ал келген туристтерге бағдарлама өте көп. Біз бір тәулікке bus ticket сатып алдық та, күні бойы қаланы араладық. Яғни сіздің алған билетіңіз қаладағы барлық бағыттағы автобусқа өтімді. Кез-келген аялдамадан түсіп қалып, емін-еркін аралай бересіз", деп жазыпты ол Instagram-дағы парақшасында.
Оның айтуынша, мұнда заң өз азаматтарын әбден қорғайды екен.
"Бір ғана мысал: егер сіз, яғни, турист, бір затыңызды жоғалтып алсаңыз, оны жергілікті "ұры" ұрлап әкетсе, полицияға шағымданғаннан пайда жоқ. Өйткені заң бойынша Сіз немқұрайлығыңыз үшін кінәлісіз. Себебі ұрлап кеткен азамат осы елдің тұрғыны болса, жауапқа тартылмайды. Мұның қаншалықты дұрыс немесе бұрыс екенін өзіңіз ойланыңыз. Ал өзім аң-таңмын. Сақтықта қорлық жоқ", деп қорытыпты Жұлдыз өз жазбасын.
Айта кетсек, Жұлдыз Әбдукәрімованың күйеуі - әнші Қайрат Нұртас жақында сот шешімімен 15 тәулікке қамауға алынған болатын.