Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры жаңадан тағайындалды

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Гауһар Тасбергенова Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2024 жылы 9 шілдеде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Гауһар Тасбергенова – белгілі қазақстандық пианист, концертмейстер, арт-менеджер халықаралық конкурстардың лауреаты. Ол К. Байсейітова атындағы мектепті бітірген, PhD in Art-management докторы.

Гауһар Тасбергенова әр жылдары халықаралық жобаларға қатысқан, атап айтқанда:

Сондай-ақ ол опералық спектакльдерді сүйемелдейтін бас пианист-концертмейстер. Мәдениет саласындағы көптеген жобаны әзірлеп, жүзеге асырған.

Сонымен қатар, Гауһар Тасбергенова – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады