Қайрат Нұртастың әйелі қамаудағы күйеуі туралы: Бұдан ары үндемеуге болмады...

Сурет: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial
Танымал әнші Қайрат Нұртастың 15 тәулікке қамауға алынуы әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова аталған мәселеге қатысты бірнеше рет пікір білдірсе, ал әншінің жұбайы тек бүгін, 2024 жылдың 12 шілдесінде ғана үнсіздікті бұзды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шетелде балаларымен демалып жатқан Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram-дағы парақшасына күйеуіне қатысты сұрақтар қарша бораған соң жауап жазуға мәжбүр болғанын айтады. Сондай-ақ ол өз жазбасында бұған дейін жеке мәселесін ешқашан әлеуметтік желіде талқыламағанын, бірақ балаларға бола, бүгін бұл ұстанымынан аттауға бар екенін жазады.

"Сіздердің жазғандарыңызды балалар оқып жатыр. Бұл оқиғада менің барлық назарым балаларымда. Қыздар жасөспірім шақта. Ұлдар намысшыл. Ата-анасы өнер адамдары болғаны үшін олар неге қиындық көруі керек? Заң алдында Қазақстанның барлық азаматы бірдей. Ол азаматтығын көрсетті. Қателескенін ескеріп, жауап беруге дайын екенін дәлелдеді. Балаларға түсіндіруге тырыстық. Енді Сіздер де доғарыңыздар! Балаларға ауыр тиіп жатыр!" делінген жазбада.

Сондай-ақ Жұлдыз Әбдікәрімова осы жағдайға қатысты ұлының да қолдау сөзін келтіре кетіпті:

"Мама, сен қалай жазсаң да, бәрібір оны сөзбе сөз барлығы қайта желіде жариялайды. Сондықтан көп уайымдама. Ақтала да берме. Дәл қазір өзің бізбен біргесің ғой. Ең бастысы, осы. Ал мен сенің әрдайым қорғаның боламын".


Сурет: Instagram/stories/zhuldyzabdukarimovaofficial


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бүгін түндердің сұлтаны - Қадір түні: дұғалар мен амалдар жиынтығы

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Тоқаев референдум ашық әрі әділ болғанын айтты

Тоқаев: Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді

Рамазан-2026, Ораза және Құрбан айт: Қазақстандағы діни мерекелер кестесі жарияланды