"Келеді барлық әлем Астанаға!". Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында Димаштың концерті өтеді

Димаш Құдайберген, Астана,  Дүниежүзілік көшпенділер ойыны, концерт Сурет: dimashnews.com
Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Димаш Құдайбергеннің шоу-концертімен қорытындыланады. Бұл туралы әншінің анасы Светлана Айтбаева айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына" дайындық басталып кетті. Бұйырса, әсем қаламызды көруге келетін қонақтарды құшақ жая қарсы аламыз. Көшпенділер мерекесін Димаштың шоу-концертімен қорытындылаймыз деп жоспарлап жатырмыз. Алда - керемет кездесулер, тамаша таныстықтар және қызу дайындықтар....". "Келеді барлық әлем Астанаға, қонады Астанаға барша құстар! " деген әнімізбен баршаңызды күтеміз!", деп жазды Светлана Айтбаева Instagram-дағы парақшасында.

Бұл туралы әншінің өзі де бұған дейін әлеуметтік желідегі парақшасында жазған болатын.

"Биыл Астанада 8-14 қыркүйек аралығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өткізілмек. Дүние жүзінің 100 ден астам мемлекетінен түрлі сайыстарға қатысу үшін 4 мыңнан астам спортшылар келеді деп күтілуде. Осы әдемі мереке аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен , "ДимашАли" шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен "Астана аренада" менің "Stranger" атты жеке концертім өтеді. Билеттер сатылымына қатысты ақпарат жақын күндері беріледі. Менің ресми аккаунттарыма назар аудара жүріңіздер. Концертте кездесейік, достар!", деп жазды 7 шілдеде әнші.


Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелері: нені білу маңызды

Google, Apple, Netflix: Шетелдік интернет компаниялар бір жылда елімізге 35 млрд теңге салық төледі

"Қар, көктайғақ, тұман". Сейсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Лудомания – қоғамды жайлаған қауіпті індет

Елімізде баспана бағасы 4 пайызға қымбаттады