"Уэнздей" сериалының жұлдызы Астанаға көшпенділер ойындарын тамашалауға келетінін айтты

Сурет: gov.kz
Астанадағы Comic Con фестивалінің қонағы болған канадалық әйгілі актер Перси Хайнс Уайт алдағы қыркүйек айында елордада өтетін V-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық әкімдіктің ресми сайтының хабарлауынша, актердан қыркүйекте Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы естіген-естімегенін және ауқымды іс-шараға таныстарына баруға қаншалықты кеңес беретінін сұрады.

"Иә, ол жайында естідім. Менің ойымша, шабандоздардың жарыстарын америкалықтар жақсы көреді. Неліктен мұндай нәрсе Америкада жоқ екенін білмеймін. Сіздерде құспен аң аулау сияқты көптеген қызықты көшпенділер ойындары, сол секілді мен әлі біле бермейтін көптеген басқа да ойындар бар екен. Әрине, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына міндетті түрде келемін", деп жауап берді Перси Хайнс Уайт.

Перси Хайнс Уайт – "Рождественские страшилки" және "Удалённая местность" фильмдері мен "Между", "Одарённые" және "Уэнздей" сынды сериалдардағы рөлдерімен әлемге танылған канадалық актер.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін