Ербол Тәжібаев АҚШ-та өткен халықаралық таланттар олимпиадасында бас жүлдеге ие болды

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының әртісі Ербол Тәжібаев АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткен "WorldStars" халықаралық таланттар олимпиадасына қатысып, бақ сынаған үш номинациясында бас жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, беделді байқау әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жетекші вокалистерге, талантты орындаушыларға өздерінің музыкалық жетістіктерін көрсетіп, өнерін әлемге паш етуге мүмкіндік сыйлайды.

Ербол Тәжібаев - Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінде "Классикалық вокал" мамандығы бойынша, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде білім алған, еліміздегі "Qazaqstan дауысы", "Topjargan", "Бес жұлдыз" және т.б. көптеген беделді республикалық байқаулар мен жобаларда керемет өнер көрсетіп, көрермен қошеметтеріне бөленген ерекше дарын иесі.

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі


АҚШ
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек