Консерватория түлектері мен студенттері халықаралық аренаны бағындырды

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі Диас Елемес (профессор А. Гайсиннің сыныбы) "Premio Internazionale della Fisarmonica" беделді халықаралық баяншылар мен аккордеонистер байқауында "World Senior" санатында 1-орынды жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар, байқауға "Қобыз және баян" кафедрасының 4-курс студенті Ақымбек Темірлан (Г. Нарымбетовтың сыныбы) және консерватория түлегі Жандос Сауыт (профессор А. Гайсиннің сыныбы) қатысты, делінген ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Италияның Кастельфидардо қаласындағы Premio Internazionale della Fisarmonica — жыл сайын 60 елден 200 астам музыкант пен 50 сарапшының басын қосатын әлемдегі ең беделді аккордеонистер байқауының бірі.


Қазақстан
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Студенттер жатақханасына орын бөлу тәртібі жаңарды