Алматыда Құрманғазы оркестрі 90 жылдық мерейтойын атап өтуде

Сурет: Instagram/kurmangazy_orkestri
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі құрылғанына 90 жыл толуына орай мерейтойын дүркіретіп атап өтіп жатыр. Мерекелік іс-шара екі күнге жоспарланған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйгілі композитор, дирижер Ахмет Жұбановтың бастамасымен құрылған өнер ұжымы мерейтойды шерумен бастап, "Інжу-Маржан" концерттік бағдарламасымен жалғастырды. Оған еліміздің өнер майталмандары, көршілес Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерінің қайраткерлері қатысты. Кеште күйші Секен Тұрысбеков, Нұржамал Үсенбаева, Айгүл Үлкенбаева, Талғат Күзембаев бастаған Қазақстанның халық әртістері өнер көрсетті, делінген оркестр баспасөз қызметінің хабарламасында.

"90 жылдық мерейтойды атап өту барысында әйгілі шығармалар, күйлер орындалып, Құрманғазы оркестрімен бірге музыка майталмандары, халық әртістері өнер көрсетеді. Тыңғылықты дайындықтар өтті", - деді Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің директоры Медет Қуанышев.

Мерекелік іс-шара екі күнге жоспарланған. Қорытынды кеш "Дирижерлар шеруі" фестивалімен аяқталады. Ал 90 жылдықтың аясында оркестрдің жеке концертін Түрікменстан мемлекетінде де өткізу жоспарланыпты.

Еске салайық, бүгінде өнер ұжымының репертуарында шетелдік және отандық 4000-нан астам туынды бар. 

"Құрманғазы оркестрінің атақты екенін жұрттың бәрі біледі. Кеңес Одағы кезінде Мәскеуде музыкалық ұжымдар байқауында 4 рет 1-дәрежелі дипломды жеңіп алған болатын. Сондай-ақ 1953 жылы Бухарест қаласында өткен жастар мен студенттердің Бүкіл дүниежүзілік фестивалінің жеңімпазы атанып, алтын медальға ие болды", - деді Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің ардагері Өтепберген Хамзин.  
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды