"Уран кеніші" әңгімесі: "Алтын қалам 2024" байқауының бас жүлдесін Бекен Ыбырайым иеленді

Сурет: aqalam.kz
18 желтоқсанда Алматы қаласында орналасқан Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде "Алтын қалам 2024" әдеби байқауының жеңімпаздарды марапаттау шарасы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Байқауды ұйымдастырушылардың мәліметінше, 115 автор түрлі жанрда жазылған 202 шығармасын ұсынды. Нәтижесінде қысқа тізімге алты аталым бойынша 30 жұмыс енгізілді.

Дауыс беру нәтижесі бойынша келесі авторлар жеңімпаз атанды:

Бас жүлде — 1 000 000 теңге алматылық Бекен Ыбырайымға бұйырды. Қаламгер "Уран кеніші" әңгімесімен "Жылдың үздік прозасы" аталымы бойынша топ жарды.

Шараға Нұрлан Смағұлов қоры қолдау көрсетті.

"Алтын қалам 2024" байқауына қатысқан үздік туындылардан жеке кітап шығарылады. Жаңа кітаптың тұсаукесері алдағы жылдың басына жоспарланған.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді