Мен сені мәңгі сүйіп өтемін: Седокова қайтыс болған экс-күйеуінің өлімінен кейін өмірі қалай өзгергенін айтты

Сурет: бейнежазба скриншоты
Ресейлік әнші Анна Седокова бұрынғы баскетболшы жұбайы Янис Тимманың қазасынан кейінгі өмірі жайлы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол өзінің Instagram парақшасында қолдау көрсеткен барлық адамға алғыс айтты.

"Осы қиын-қыстау кезеңде қолдау көрсеткен барлық адамға алғысымды білдіремін. Мен әлі ауруханада жатырмын және қазірше бұрынғыдай й өмір сүре алмаймын", — деп мойындады әнші.

Седокова қазір Тимманың отбасы мүшелерімен және барлық жақындарымен, достарымен "онымен қоштасуды" лайықты түрде ұйымдастыруға тырысып жатқандығын атап өтті.

Сурет: Instagram/annasedokova

Бұған дейін Анна Седокова бұрынғы күйеуінің өлімінен кейін ауруханаға түсіп қалған болатын. Оның экс-жұбайы, латвиялық баскетболшы Янис Тимма Мәскеуде өлі табылды. Спортшы 33 жасында асфиксиядан қайтыс болды.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды