Димаш Құдайберген қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады

Сурет: instagram.com/kudaibergenov.dimash
Әнші, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Instagram-дағы парақшасында құттықтау видеосын жариялады.

"Құрметті достар, құрметті жерлестер! Шын жүректен баршаңызды келіп жеткен Жаңа жыл мерекесімен құттықтағым келіп тұр. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай. Еліміз, халқымыз бәле-жала, тіл-көзден аулақ болсын. Қайғы-қасірет, мұң дегенді бұдан әрі естімейік. Келер жылға тек жақсылықты нәсіп етсін деп сұрайық Алла тағаладан". Димаш Құдайберген

Димаш қазақстандықтарға ырыс-несібе, мол табыс тіледі.

"Денсаулықтарыңыз мықты болсын, жақындарыңыз ешқашан да ауырмасын деп тілегім келеді. Әлемде тыныштық болсын", - деді ол.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды