"Құлақтарыңды жабыңдар!". Әнші Айқын 100 мың теңгенің отшашуын атып көрсетті

Сурет: instagram/zhuldyzomirgali_official
Танымал әнші Айқын Төлепберген 100 мың теңгенің отшашуын қалай ату керектігін көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Балаларымен үйдің төбесінде атқан бұл отшашудың видеосын Айқын Төлепберген Instagram-дағы парақшасында жариялады. 

Әрине, аспан көгі ұзаққа дейін түрлі-түсті отқа оранып, жап-жарық болып тұрды. 

"100 мың теңгенің "салютін" көрелік. Ал қаштық, құлақтарыңды жабыңдар", - дейді қасындағы бала-шағасына ол.

Видеоны отбасылық мерекелік шараға куә - әншінің әйелі Жұлдыз Өмірғали түсірген.

Әнші бұл 100 мың теңгенің отшашу екенін, ал келесі жолы 130 мың теңгелігін сынап көруді уәде етті.

Қазақстан
Төлепберген Айқын

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз