Танымал американдық журнал Димаш Құдайберген жайлы мақала жариялады

Сурет: Instagram/dimash.news
17 ақпанда әлемнің көптеген елдерінде халықаралық өкілдіктері бар әйгілі Rolling Stone журналы "Димаш Құдайберген музыка саласындағы жаһандық ықпалы үшін DIAFA 2024 сыйлығымен марапатталды" деген материал жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мақала авторы 2024 жылдың қараша айында Дубайда өткен беделді халықаралық Arab Festivals Awards (DIAFA) марапаттау рәсімі туралы баяндап, оның лауреаттары арасында танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген де болғаны туралы жазды. 

«DIAFA-да Димаштың марапаты үлкен маңызға ие. Ол осы сыйлықты жеңіп алған алғашқы Орталық Азия әртісі болғандықтан Әлемдік көшбасшылардың көрнекті тізіміне енді. Әр түрлі саладағы 25 журналистен тұратын комитет өткізетін қатаң іріктеуімен танымал DIAFA өз салалары мен қауымдастықтарының дамуына айтарлықтай үлес қосқан адамдарды атап өтті.Салтанатты рәсім барысында Димаш өзінің жалғасып жатқан әлемдік турының титулдық әні «Stranger» әнін орындады. Оның классикалық, поп – және дәстүрлі қазақ элементтері біріктірілген қойылымы көрермендерді баурап алды. Жүргізушілер оны мәдени және музыкалық шекаралардан өту қабілетіне баса назар аудара отырып, «шекараны білмейтін дауысы бар ерекше талант» ретінде ұсынды",- деп келтірді DimashNews материалдың мазмұнын

Автор Димаштың DIAFA-ға қатысуы оның музыкасы тілдік және мәдени кедергілерді еңсеру арқылы бүкіл әлемде резонанс тудыратынын жазды. 

"14-тен астам тілде сөйлеп, бүкіл Еуропа мен Азия бойынша залдарды толық жинай отырып, Димаш өз Қазақстаннан тыс жерлерде өз Отанының мәдениетін таныстыруды жалғастыруда»- делінген ақпаратта. 

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің қытайлық әншімен ерекше вокалдық эксперимент жасағаны хабарланған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды