Польшада Dimash радиосы Наурыз мейрамында мерекелік хабар таратты

Димаш Құдайберген, Польша, радио, Наурыз мейрамы Сурет: dimashnews
Польшада Dimash радиосы Наурыз мерекесіне арнайы мерекелік хабар дайындады. Бағдарламада қазақтың халық әндері мен Димаш Құдайбергеннің орындауындағы танымал әуендер орындалып, тыңдармандар құттықтау жолдауда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үш сағатқа созылатын эфирде жүргізушілер Наурыз мейрамы, халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы туралы әңгімелейді. Іс-шараға Димаштың поляк жанкүйерлері, Қазақстаннан келген қонақтар шақырылды Ұйымдастырушылар тыңдарман қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлайтынына сенімді. Польшада Димаш радиосы ресми түрде 2020 жылдан бері жұмыс істейді. Бірегей жобаны өнер жұлдызының жергілікті жанкүйерлері жүзеге асырған, деп хабарлайды 24kz.

"Бұл - біз үшін ерекше күн. Сондықтан арнайы хабар дайындап жатырмыз. Осы арқылы тыңдармандар сіздердің мәдениеттеріңіз бен Қазақстанда Наурыз мейрамы қалай тойланатыны жайлы көбірек біле алатын болады. Баршаңызды Димаш радиосын тыңдауға шақырамыз. Қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Жаңа жыл сіздерге мол бақыт, бейбітшілік пен береке әкелсін". "Польшадағы Димаш Құдайберген фан-клубы" қауымдастығының президенті Тереса Конкол

Бұған дейін Испания астанасында Димаштың жаңа әнінің құрметіне арналған билборд пайда болғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Еуроодақ
Құдайберген Димаш

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Дропперлер деген кім және олардың алаяқтық әрекеттері қандай

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Қонаевтың балалық шағы қайда өтті

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар