"Көптеген хит әндерімен танымал Игорь Яковлевичке үлкен құрметпен қараймын және репертуарымда осындай ұлы композитордың әндерінің болуы мен үшін үлкен мәртебе. Қазіргі уақытта басқа да компаниялармен және композиторлармен көптеген жобаларым бар. Сол себепті, қазір Игорь Яковлевич екеуміздің арамызда шығармашылық үзіліс. Осы шығармашылық үзілісті – сөзге келіп қалыпты деп ойлайтын кісілер де бар екен, бірақ ондай ештеңе болған жоқ. Біз арамыз дәл баяғыдай – тамаша. Мен орындаушы, ол композитор", - деді Димаш.
Димаш қазір басқа композиторлармен жобаларды қолға алып жатқанын айтты.
"Мысалы, мен жақында ұлы композитор, бірнеше Грэмми сыйлығының лауреаты, Мэрайя Кэри шырқаған All I Want for Christmas Is You сияқты шедеврлердің авторы Уолтер Афанасьев жазған Love Not Over Yet әнін шығардым. Жаңалық болса, өздеріңізбен міндетті түрде бөлісіп отырамын", - деп түйіндеді әнші.
Еске салайық, бұған дейін Қырғызстанның халық әртісі атанған Димаш Құдайберген хейтерлердің сынына жауап берген еді.