"South Park" авторлары Трампты мазақтап, мультсериалдың атауын өзгертті
Сурет: wikipedia
The Guardian мәліметінше, сериалдың 29-маусымы жаңа атаумен – "South America" болып шығады. Жоба авторлары Мэтт Стоун мен Трей Паркер бұл шешімнің патриоттық рухты көтергенін айтып, қолдау көрсеткен Paramount корпорациясына алғыс білдірді.
Бұл әзіл Трамптың кезекті бастамасынан кейін пайда болды. Жақында АҚШ президенті Нью-Мексико штатының атауын "New America" ("Жаңа Америка") деп өзгертуді ұсынды. Ол бұл ұсынысын жасанды интеллект көмегімен жасалған бейнеролик арқылы жариялады.
Бұған дейін оның әкімшілігі Мексика шығанағын "Америка шығанағы" деп қайта атауды қолдаған, сондай-ақ Онтарио көлінің атауын өзгерту туралы ұсыныс жасаған.
"South Park" саясаткерлер мен АҚШ билігін сатира арқылы сынауымен танымал. Сериал авторлары бұған дейін де Трамп пен оның жақтастарын бірнеше рет әжуалаған.
"South America" деп аталатын 29-маусымның премьерасы 16 қыркүйекте өтеді. Сериал Paramount+ платформасында қолжетімді болады.