Ол жариялаған бейнеде соңғы айларда Джей Ломен бірге гастрольдік сапарда болғанын және "Қазақстан деп аталатын керемет жерге" барғанын айтып берді. Қонақүйде тұрған кезде оған түрлі шоколадтар сыйлаған екен. Сол тәттілерді ол өзімен бірге АҚШ-қа алып кетіп, туыстары мен достарына дәм татқызуды шешкен.
"Егер мені бұрыннан бақылап жүрген болсаңыздар, Қазақстан халқы мен менің арамда ерекше махаббат туғанын білесіздер! Мен бұл елге де, оның халқына да ғашық болдым. Олар да маған сондай ықыласпен қарады... Енді мен сыйға алған шоколадтарыммен бөлісуді шештім... Қара шоколад – мен жеген ең дәмді шоколад! ... Мені Америкадағы қазақстандық шоколадтың ресми тұлғасына айналдырыңдаршы! Қазақстан халқы, сіздерге көп рахмет", – деп жазды Шэрон.
Видеода ол шоколад ұсынған барлық адамдар дәміне таңданып, таңдай қаққан.
Бұған дейін Астанада түсірілген қысқаметражды фильмнің Ұлыбританиядағы беделді кинофестивальде екі марапатқа ұсынылғанын жазғанбыз.