Димаш Нью-Йорктегі концертінен кейін жағымды жаңалық хабарлады

Фото: Zakon.kz
Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген әлемдегі басты сахналардың бірі Madison Square Garden-де өнер көрсеткен алғашқы қазақ ретінде тарихта қалды. Әнші концерттен алған әсері жайлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларында бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Димаш желіге жүктеген бейнежазбада келесідей мәтін жазылған:

"Нью-Йорк. МЭДИСОН САХНАСЫ. Мыңдаған жүректер. Бір тыныс. Бұл түн тарихта да, менің жадымда да мәңгі қалады. Бұл жолды менімен бірге жүріп өткен – менің командама, музыканттарға, көрермендерге және осы сапарға сенгендердің барлығына, алғысымды білдіремін. Музыка бізді біріктірді – Қазақстаннан Америкаға дейін, жүректен-жүрекке, жаннан-жанға. Біз осы концерт туралы, бәріміз бастан кешкен – саяхат пен энергия жайлы деректі фильм түсірдік. Жақында...",- деп жазды ол.

Бұл жаңалықты оқырмандар жылы қабылдады:

Бұған дейін Қазақстан әнұраны Нью-Йорк төрінде шырқалғанын жазғанбыз. Толығырақ сілтеме арқылы оқи аласыз.

АҚШ
Құдайберген Димаш

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Полиция төрт жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысының бетін ашты

Мемлекет басшысы еңбек заңнамасын жетілдіруді қарастыратын заңға қол қойды

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді