Ақын, қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі Күләш Ахметова өмірден өтті

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Белгілі ақын, қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі Күләш Ахметова өмірден өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаралы хабарды Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі естіртті.

Ведомстыо қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері Күләш Ахметованың өмірден өтуіне байланысты отбасы мен жақындарына, күллі әдеби қауымға, туған халқына қайғыра көңіл айтты.

“Ұлттық мәдениеттің дамуына сүбелі үлес қосқан ақынның жарқын бейнесі, ұлтқа сіңірген еңбегі мен рухани мұрасы халқының жадында мәңгі сақталады. Өнегелі өмірі мен шығармашылық мұрасы жас ұрпақ үшін үлгі болып қала береді. Марқұмның топырағы торқа, иманы жолдас болсын”, - делінген хабарламада.

Күләш Ахметова – өзінің нәзік лиризмімен, азаматтық асқақ үнімен, ұлттық руханиятқа сіңірген өлшеусіз еңбегімен қазақ поэзиясында айрықша із қалдырған тұлға. Қазақ поэзиясының ақ гүлі атанған ақынның әр жылдары жарық көрген "Ақ гүлім менің", "Сен менің бақытымсың", "Бұлақтағы жұлдыздар", "Мейірім", "Жапырақ – жаздың жүрегі" секілді жыр жинақтары оқырман жүрегіне жол тауып, бірнеше буынның эстетикалық талғамын қалыптастырды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды