54 жастағы Ақан Сатаев алтыншы мәрте әке атанды

Сурет: Instagram/akansatayev
"Қазақфильм" АҚ-ның экс-президенті Ақан Сатаев жұртшылықтан сүйінші сұрап, жақсы жаңалығымен бөлісті. Кинорежиссер тағы бір мәрте әке атанғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері бүгін, 2026 жылғы 23 қаңтарда желідегі парақшасында жаңа туған нәрестемен сурет жүктеді.

"Алла Тағаланың қалауымен, қызым дүниеге келді. Айя-Сафия, қош келдің, бақытты бол!",- деп жазды көпбалалы әке.

Сатаевпен бір мезгілде "Томирис" фильмінде басты рөлді сомдаған актриса Альмира Тұрсын да қызының дүниеге келгенін қуана хабарлады.

"Біздің қызымыз – АЙЯ-САФИЯ дүниеге келді. Менің арманым, дұғам, жауабым және Құдайдың сыйы! Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен алғыстар!",- деп жазды актриса.

Айта кетейік, Ақан Сатаевтың алғашқы некесінен бес баласы бар. Бұдан бөлек, ол екі мәрте ата атанған.

Жалпы, Альмира Тұрсын өзінің жеке өмірі туралы мәліметтерді ашып айта бермейді. Белгілісі, 2021 жылдың қазан айында ол күйеуімен ажырасқан. Бір ұлы бар. Кейін актрисаның "Томирис" тарихи фильмін түсірген отандық режиссер Ақан Сатаевпен көңіл жарастырғаны туралы алып-қашпа сөз тараған.

Қазақстан
Сатаев Ақан
Тұрсын Альмира

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек