Бүгін жыр алыбы - Жамбыл Жабаевтың туған күні

Сурет: gov.kz
Алматыда Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына арналған "Ата толғауы" атты концерт өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Жамбыл атындағы мемлекеттік филармониясы ұжымына және кеш қатысушыларына құттықтау хат жолдады. Хатты ҚР президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев оқып берді, делінген ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында.

"Әйгілі жыршы шоқтығы биік шығармалары арқылы отаншылдық пен ынтымақ, ерлік пен елдік, адалдық пен әділдік секілді мызғымас құндылықтарды кеңінен дәріптеді. Халқымыздың біртуар перзенті айтыс өнерінің өрісін кеңейтуге, эпикалық дәстүрді жаңғыртуға, қазақ-қырғыз әдеби байланысын нығайтуға өлшеусіз үлес қосты", делінген құттықтау хатта.

Іс-шараға ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті мен өнері халықаралық ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов және басқа да зиялы қауым өкілдері қатысты.

Концертте Н. Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық "Отырар сазы" оркестрі, Б. Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы, Филармония орындаушылары, Алматы облысының өнерпаздары қатысты.

Іс-шара аясында күй анасы Дина Нұрпейісованың 165 жылдығы да сөз етілді.

Сонымен қатар ақын мұрасына арналған көрме ашылып, келушілер жыр алыбының көзін көрген құнды экспонаттарды тамашалады.

Алматы
Жабаев Жамбыл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі