Димаш Құдайбергеннің жобасы миллиардтаған қаралым жинады

Сурет: nu.edu.kz
Қытай мен Қазақстанның алғашқы бірлескен "Voice Beyond Horizon" халықаралық музыкалық телешоуы 2 миллиардтан астам қаралым жинады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген аталмыш жобаның продюсері болды. Жоба музыкалық шоу мен реалити-саяхат форматтарын ұштастырды. Оған Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Италия, Малайзия және Сербиядан 8 орындаушы қатысып, Ұлы Жібек жолының мәдени мұрасымен танысты.

Түсірілім жұмыстары Астана, Алматы қалаларында және Түркістан, Маңғыстау, Алматы, Ақмола облыстарында өтті.

Бағдарлама Қытайда Hunan TV телеарнасы мен Mango TV цифрлық платформасында, сондай-ақ "Qazaqstan" телеарнасында көрсетілді. Ұлттық арна жоба барысынан арнайы күнделіктерін де эфирден көрсетті.

"Эфир барысында 11 шығарылымның барлығы телерейтингте бірінші орынға шықты. Интернеттегі жалпы қаралым саны 2,36 миллиардқа жетіп, Mango TV платформасында 700 миллионнан асты",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін жазғанымыздай, Димаш Құдайберген БҰҰ агенттігі – ХКҰ жаһандық ізгі ниет елшісі ретінде Бангладешке барды.

Қазақстан
Құдайберген Димаш

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда