Димаш Құдайберген қарындасына арналған әннің шығу тарихымен бөлісті

Сурет: Instagram/raushan_kudaibergen
2025 жылдың жазында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан актер әрі әнші Ермахан Аймаханмен шаңырақ көтерген болатын. Дүбірлі той кезінде Димаш өзінің бауыры Мансұрмен бірге қарындасына арналған "Қарылғашым ұя салғанда" әнін орындап, талай жүректерді тебірентті.

2026 жылғы 30 маусымда әлемдік әнші осынау әсерлі туындының қалай дүниеге келгеннін егжей-тегжейлі айтып берді.

Оның айтуынша, кейбір әндер ұзақ уақыт бойы жазылады, ал кейбірі жүректен өздігінен төгілгендей әп-сәтте дүниеге келеді.

"Бұл ән дәл сондай ерекше туындылардың бірі болды. Өмірімде сирек кездесетін сәттердің бірі – осы әннің әуені небәрі бір сағаттың ішінде дүниеге келді. Сірә, ол әуен жүрегімде бұрыннан өмір сүріп, тек өз уақытын күтіп жүргендей еді". Димаш Құдайберген

Белгілі болғандай, әннің әуенінің бір бөлігін Мансұр толықтырған.

"Ол да туған әпкесіне арнап ән жазуды қатты қалады. Сондықтан бұл шығармада екеуміздің де туған бауырларымызға деген шынайы сезіміміз тоғыса алды. Ал әннің сөзін өзім жазуды жөн көрдім. Себебі туған қарындасыма деген махаббатымды, жүрегімдегі сезімді менен артық ешкім жеткізе алмайтынын білдім. Әрбір сөз жүректен шығуы керек еді",- деп жазды Димаш.

Әннің мәтінін жазуға бірнеше күн кеткені де атап өтілді.

"Себебі шабыт болмағандықтан емес, керісінше, ойыма келген әрбір сөз жүрегімдегі сезімнің жанында тым әлсіз әрі жеткіліксіз болып көрінді. Маған ешбір сөз, ешбір өлең жолы Рәшөнтайыма деген шексіз махаббатымды, ризашылығымды және оған деген ерекше ықыласымды толық жеткізе алмайтындай сезілді. Егер осы ән жүрегімдегі сезімнің аз ғана бөлігін болса да жеткізе алған болса, онда оның жазылғаны бекер емес".Димаш Құдайберген

Бұған дейін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаева кенже ұлы Мансұр туралы жағымды жаңалығымен бөліскен болатын. Белгілі болғандай, әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің бауыры Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің жанындағы колледжді тәмамдаған.

Қазақстан
Құдайберген Димаш

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрамының тізімі жарияланды

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Қазақстандықтарға несие алаяқтығынан қорғану үшін маңызды қызметті дереу іске қосуды ұсынды

Тереңнен тамыр тартқан мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз – Тоқаев