"Бәріміз қуаныштымыз": Димаш Құдайбергеннің анасы отбасындағы жағымды жаңалықпен бөлісті

"Бәріміз қуаныштымыз": Димаш Құдайбергеннің анасы отбасындағы жағымды жаңалықпен бөлісті , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2026 15:16 Сурет: Instagram/mansur_qudaibergen
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаева кенже ұлы Мансұр туралы жағымды жаңалығымен бөлісті. Белгілі болғандай, әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің бауыры Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің жанындағы колледжді бітірген, деп хабарлайды Zakon.kz

Диплом табыстау сәтіндегі суреттерді Айтбаева 2026 жылғы 30 маусымда өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

"Мансұртайым Күләш Байсейітова атындағы Қазақ Ұлттық өнер университетінің колледжін аяқтап, бәріміз қуанып жатырмыз. Құтты болсын, ботақаным! Өз ісіңнің шебері бол! Осы күнге дейін көкеңнің қасында жүріп әлемдік сахналарда өнер көрсетіп, керемет шеберлік сабақтарынан өттің. Мықты музыканттармен бірлесе жұмыс жасадың, әлі де жасай бересің". Светлана Айтбаева

Сондай-ақ, ол Мансұрдың бірнеше аспапты меңгеріп, алғашқы туындыларын жазғанын атап өтті.

"Осы бағытта саған тәрбие берген, білім берген ұстаздарыңның еңбектері өте зор... Оларға (Шамамен-ред) зор ризашылығымызды білдіреміз! Бақытты бол, ең бастысы ғұмырлы бол, ботам!",- деп жазды ол.

Пікірлерде көпшілік жас музыкантты құттықтады. Өз кезегінде Мансұр да алғысын білдіріп, пікір қалдырды.

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің жаңа жеке концерттік туры басталатындығын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: