Димаш Құдайбергеннің балалық шақтағы суреттері жанкүйерлерін тәнті етті
Фото: Zakon.kz
Әлемге әйгілі танымал әнші Димаш Құдайбергеннің балалық шақтағы суреттері әлеуметтік желіде кеңінен тарап, жанкүйерлерінің ерекше ықыласына бөленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Желіде жарияланған фотосуреттерде болашақ өнер жұлдызының жасөспірім шағы бейнеленген.
Жанкүйерлер суреттерге жылы лебіздерін білдіріп, жас Димаштың сол кездің өзінде өте жарқын жүзді, үнемі күлімдеп жүретін бала болғанын атап өтті.
- Қандай жылы суреттер;
- Жүзі жылыдан түңілме деген осы шығар;
- Мүлдем өзгермеген, тіпті күлкісіне дейін;
- Біздің, қара домалақ баламыз ғой;

Сурет: Instagram/erkebulansatybaldu
Бұған дейін Димаш Құдайберген қарындасына арналған әннің шығу тарихымен бөліскенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript

