Алматылық тұрғын Энрике Иглесиастың әйгілі хитін домбырада орындады

Сурет: instagram/ivanzhukov_live
Алматы қаласының тұрғыны Иван Жуков әлемге танымал әнші Энрике Иглесиастың Bailando әнін домбырамен ерекше шеберлікпен орындап, көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Иван Жуков Instagram парақшасында тыңдармандарына Bailando әнінің өз нұсқасын ұсынғысы келгенін айтты. Бейнебаянның ерекше әсерлі шығуына табиғаттың да ықпалы болған. Оның айтуынша, бұл кадрларды түсіру үшін түннің ортасында Алматы облысына арнайы барып, таң шуағын сонда қарсы алған.

Музыканттың сөзінше, ол әуенді табиғатпен үйлестіруді мақсат еткен.

"Энрике Иглесиастың әндері менің бала күнімнен бері өмірімнің бір бөлігі. Ата-анаммен көлікпен мектепке, қала сыртына немесе шағын саяхаттарға шыққанда оның әндері радиодан жиі қойылатын. Ол кезде араға жылдар салып, оның танымал әндерінің бірін домбырада орындаймын деп мүлде ойлаған жоқпын. Сондықтан бұл мен үшін өте жылы, ерекше әрі жүрекке жақын сәт болды", – деді Иван Жуков.

Музыканттың айтуынша, ол біраз уақыттан бері заманауи шығармаларды домбырада орындап келеді.

"Мен домбыраның тек халық музыкасына ғана емес, әлемдік хиттерге де өте үйлесімді жарасатынын көрсеткім келеді. Сондықтан бұл жолы Энрике Иглесиастың ең танымал әндерінің бірін таңдадым. Bailando әні 2014 жылы жарық көріп, әншінің ең ірі халықаралық хиттерінің біріне айналды. Ән бірнеше тілде жазылып, Billboard Hot Latin Songs чартында 40 аптадан астам уақыт бойы көш бастады. Арада он жылдан астам уақыт өтсе де, Bailando XXI ғасырдағы испан тіліндегі ең танымал әндердің бірі болып қала береді", – деді ол.

Желі қолданушылары домбырашының орындауына жоғары баға беріп, жылы пікірлерін қалдырды.

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің жаңа әні жапон даласында шырқалмақ екенін жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды

Ақтөбеде "BEST IN AQTÓBE" рейтингтік жобасының І маусымы қорытындыланды

"Кездесуге" кешіккені үшін соққыға жығылды: Жамбыл облысында оқушы жансақтау бөліміне түсті

Тоқаевқа Қарағанды облысының даму жоспары таныстырылды