Алматыда Абай ескерткішіне гүл қойылды

Сурет: gov.kz
2026 жылғы 10 тамызда Алматы қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен Абай күніне орай ұлы ақын, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы әкімдігінің дерегінше, іс-шараға Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, зиялы қауым өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы мен Қазақстан Жазушылар одағының өкілдері, Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қызметкерлері, білім беру саласының мамандары мен жастар қатысты.

Сурет: gov.kz

Қатысушылар ұлы ақынның рухына тағзым етіп, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Рәсім соңында Қазақстанның халық артисі Болат Әбділманов "Абайдың жұмбағы" монологын орындады.

Абай күніне орай Алматыда ақынның өмірі мен шығармашылығына, сондай-ақ оның бай рухани мұрасына арналған бірқатар мәдени іс-шара ұйымдастырылып жатыр.

Еске салайық, 8 тамыз күні қалада "Абай әлемі" музыкалық-поэтикалық кеші өтті. Оған 20 мыңнан астам қала тұрғыны мен қонағы қатысып, Қазақстанның халық артисі Мақпал Жүнісова IL Canto тобымен бірге Абайдың әндерін орындады.

Айта кетейік, Абай күніне арналған іс-шаралар легі Алматыдағы кітапханалар мен музейлерде, жастар комьюнити орталықтарында және қаланың басқа да мәдени алаңдарында жалғасып жатыр.

Қазақстан
Алматы
Алматы қаласының әкімдігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бұл – махаббат емес". ІІМ адамды аңдып, қудалағаны үшін жауапкершілік барын ескертті

Жалақыдан ұсталатын салықты есептеу жеңілдейді: Қазақстанда жаңа сервис іске қосылады

Алматыда 10 қарашада күн +20°C-қа дейін жылып, келесі күні қар жауады

Мәскеуден Алматыға ұшқан SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонды

Ақтөбеде студенттің жатақханадан құлап қаза табуына қатысты сот басталды