Танымал жастар реалити-шоуы эксклюзивті түрде MEGOGO-да қолжетімді
Сурет: MEGOGO
Дәстүрлі телеформаттар туралы қалыптасқан түсінікті өзгерткен және әлеуметтік желілерде миллиондаған қаралым жинаған жоба енді Қазақстанда ресми түрде ұсынылады. Енді қазақстандық көрермендер түпнұсқа маусымның барлық бөлімін жоғары сапада әрі жарнамасыз тамашалай алады.
"Жастар Сыры" – аймақтық нарық үшін тың серпін әкелген нағыз прецедент. Жобаның алғашқы маусымы Қырғызстанның медиакеңістігінде үлкен феноменге айналды. Көрермендер кейіпкерлердің әрбір әрекетін талқылап, олардың құпияларына қатысты болжамдар жасап, айтқандарын дәйексөзге айналдырды. Бұл табыстың сыры – форматқа жасалған мүлдем жаңа көзқараста. Авторлар дәстүрлі реалити жанрын қайта қарастырып, аудиторияға шынайы әрі ашық диалог ұсынды. Сюжет желісі сыртқы әлеммен байланыссыз, қала сыртындағы үйде бір апта оқшауланған 8 бейтаныс жастың айналасында өрбиді. Басты интрига ерекше ережеге негізделген: қатысушылар бір-бірінің жасы мен қай жерде жұмыс істейтінін білмейді. Бұл олардың мүмкіндігін теңестіріп, қандай да бір бетпердесіз, өз болмысын шынайы көрсетуге мүмкіндік береді. Көрерменнің көз алдында кейіпкерлер жабық тақырыптарды қозғайды, қоғамның талаптары мен "ұят" ұғымына тап болады, алғашқы кездесулердегі ыңғайсыздықты еңсеріп, өзара салауатты қарым-қатынас орнатуға ұмтылады.
"Мықты отандық әрі аймақтық контентті қолдау — біздің басты басымдығымыз. Біз "Жастар Сыры" жобасының бірінші маусымы қандай зор табиғи қызығушылық тудырғанын көрдік — ол Бішкектен бастап Алматыға дейін барлық жерде қызу талқыланды. Көрермендер сүйікті сәттерін барынша жайлы жағдайда қайта көруі үшін немесе бұл шоуды алғаш рет тамашалауы үшін осы хитті медиатекамызға қосқанымызға қуаныштымыз", — деп атап өтті MEGOGO бас директоры Нұрлан Чукубаев.
Бірінші маусымның MEGOGO платформасына қосылуы көрерменге бірқатар қолайлылық сыйлайды: Full HD сапа, жарнамалық үзілістердің болмауы және бөлімдерді жолда интернетсіз көру үшін смартфонға немесе планшетке жүктеп алу мүмкіндігі.
"Жастар Сыры" жобасының бірінші маусымындағы барлық 12 бөлім 6 қарашадан бастап MEGOGO жазылушыларына "Шоу" бөлімінде қолжетімді болады.
Серіктестік ақпарат