Мөлдір Әуелбекова мерейтойын атап өтті: әншіге желіде күтпеген сұрақ қойылды

Сурет: https://www.instagram.com/p/DQ9vDacjVrH/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
2026 жылдың 10 шілдесінде "КешYou" тобының бұрынғы солисі Мөлдір Әуелбекова 40 жасқа толды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әнші 40 жылдық мерейтойын қалай атап өткені туралы видеосын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Кадрларда SuperStar KZ реалити-шоуының финалисті көзі байланған күйде көлікпен арнайы дайындалған мерекелік орынға жеткізіледі. Әншінің туған күніне көптеген туыстары мен достары жиналып, құшақ-құшақ гүл мен тәтті торттарын арнап, отшашу шашып тосынсый ұйымдастырған.

Ал желі қолданушыларының назары Әуелбекованың жанында жүріп, мерекені ұйымдастыруға көмектескен ер адамға ауды. Оқырмандарының бірі оның әншінің бұрынғы күйеуі ме деп сұраса, енді бірі оны Мөлдірдің жездесі екендігін тілге тиек етті.

Әуелбекова екі рет тұрмыста болған, алайда екі некесі де сәтсіз аяқталған. Қазір ол екі баласын – бірінші некесінен туған ұлы мен екінші некесінен туған қызын жалғыз тәрбиелеп отыр.

Айта кетейік, 2026 жылдың көктемінде продюсер Баян Алагөзова мен Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желіде бір-біріне қатысты пікір білдіріп, көпшілік олардың қарым-қатынастарын талқылаған еді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

9 тамыздағы Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Атыраулық ит Лакидің Америкадағы өмірі туралы не білеміз

Мемлекеттік білім беру гранты иегерлеренің тізімі қашан жарияланатыны белгілі болды

"Қазақстан" сөзін тұңғыш рет ресми тілге енгізген Елеусіз Бұйриннің туғанына 150 жыл толды