80 жастағы Петросян балаларымен ойнап, көпшілікті сүйсіндірді

Сурет: Instagram/bruhunova
Белгілі ресейлік әзілкеш Евгений Петросянның 37 жастағы әйелі Татьяна Брухунова күйеуінің балаларымен бірге түскен жаңа видеосын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеода 80 жастағы Петросян балаларын ұстап алатындай болып, әдейі "қорқынышты" кейіпке енеді. Ал қызы Матильда мен ұлы Ваган әкесінің қылығына мәз болып, күліп-ойнап жүр.

"Бізде әр кеш сайын осындай ойындар болады", – деп жазды Брухунова.

Жұлдызды отбасының бұл видеосы жанкүйерлерін де сүйсіндірді. Олар отбасыға жылы лебіздерін білдіріп, балалардың мәз-мейрам болғанына бірге қуанды:

Айта кетейік, 66 жастағы ресейлік әнші Игорь Николаев 44 жастағы әйелі Юлия Проскурякова және қызы Вероникамен бірге Қытай қорғанына барған еді. Бұл да оның жанкүйерлерін ерекше әсерге бөлеген болатын.

Ресей
Шоу-бизнес

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін