Газета.ru Metropoles басылымына сілтеме жасап жазғандай, 2026 жылдың наурыз айында Летисия Сабателла Бертольдо мен Бебе есімді екі итін қайтару үшін сотқа жүгінген. Оның айтуынша, құрбысы бұл иттерді оның рұқсатынсыз басқа отбасыға беріп жіберген.
Осыған дейін актрисаның құрбысы әрі ветеринары Сабателла мен оның серіктесі Даниэль Дантас үйде болмаған кезде жануарларға қарап көмектесіп жүрген. Алайда ерлі-зайыптылар үйге оралғанда, иттерінің жоғалып кеткенін анықтаған.
"Оның неге бұл шектен асқанын түсінбеймін. Ол өзі өкінетін іс жасағанын мойындады. Бұлай істеуге болмайтынын айтты. Бірақ енді ештеңені өзгерте алмайды, өйткені олар қазір басқа отбасылардың қамқорлығында", – деп еске алды Сабателла.
Бебе есімді итті актриса бұған дейін қайтарып алған.
Ал Бертольдоны сот шешімінен кейін ғана алып кеткен.
Актриса болған жағдайды қателік деп санайды. Алайда құрбысынан бұл әрекетінің нақты себебіне қатысты түсінікті жауап ала алмағанын айтты.
Бұған дейін Лариса Долинаның алаяқтарға берген ақшасының көлемі бойынша рекорд жаңартқаны туралы жазған болатынбыз.