"South Park" авторлары Трампты мазақтап, мультсериалдың атауын өзгертті

Сурет: wikipedia
Америкалық "South Park" мультсериалының авторлары АҚШ президенті Дональд Трамптың географиялық нысандардың атауларын өзгерту бастамаларына жауап ретінде сериалдың атауын "South America" («Оңтүстік Америка») деп өзгертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Guardian мәліметінше, сериалдың 29-маусымы жаңа атаумен – "South America" болып шығады. Жоба авторлары Мэтт Стоун мен Трей Паркер бұл шешімнің патриоттық рухты көтергенін айтып, қолдау көрсеткен Paramount корпорациясына алғыс білдірді.

Бұл әзіл Трамптың кезекті бастамасынан кейін пайда болды. Жақында АҚШ президенті Нью-Мексико штатының атауын "New America" ("Жаңа Америка") деп өзгертуді ұсынды. Ол бұл ұсынысын жасанды интеллект көмегімен жасалған бейнеролик арқылы жариялады.

Бұған дейін оның әкімшілігі Мексика шығанағын "Америка шығанағы" деп қайта атауды қолдаған, сондай-ақ Онтарио көлінің атауын өзгерту туралы ұсыныс жасаған.

"South Park" саясаткерлер мен АҚШ билігін сатира арқылы сынауымен танымал. Сериал авторлары бұған дейін де Трамп пен оның жақтастарын бірнеше рет әжуалаған.

"South America" деп аталатын 29-маусымның премьерасы 16 қыркүйекте өтеді. Сериал Paramount+ платформасында қолжетімді болады.

АҚШ
Трамп Дональд

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз